Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  140


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мұхаммед Хайдар Дулатиге

Ғылымның қиын жолын шиырладың,
Таттың əкім өмірдің уын, балын.
«Ғалымның хаты өлмейді» деген рас,
Көрудесің, Алланың бұйырғанын.
Атадан ұл боп туған асып тегі,
Бұйырған шет жерлерде нəсіптері.
Бір қолмен қылыш ұстап, бір қолымен,
Қалам тарту – ғалымның кəсіптері.
О, Заман, туған елдің маңдайына,
Тудың да, көндің азап қандайына.
Кітаптың беттерінде ізің қалды,
Даланың кетсең дағы шалғайына.
Төрінде билік айтып мықтылардың,
Жауызға тіл-найзаңды сұқтың əр күн.
Қанменен орнатқанды Ғылымменен,
Мəңгілік етудің Ел, ұқты парқын!
Таныдың өзің болып жан-жағыңды,
Өзгелер көп тістетті бармағыңды.
Көтеріп Есіміңмен Тұрсың Баба,
Жеңілдеп кеткен менің салмағымды.
Қайтейін, Заман жүгі талдырғанда,
Кезім бар, қолдан олжа алдырған да.
Сан ұрпақтан үлгі боп сан ұрпаққа,
Есімің жаңғырады сан қырларда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу