Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  130


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Олжас Сүлейменовке

Ақынымсыз зер салатын заманға,
Заман зары ықпал етер адамға.
Тарихтан кең орын алар адамсыз,
Жарасатын Еуразиялық қоғамға.
Ақын мінез Аспан мен Жер арада,
Адамға табын, жер ана қалды санада.
Поэзиямен əлдендірді қоғамды,
Азаматтық «Семей менен Невада».
Ақын болдың қазақ туған далада,
Бақ қонбасты Алла сүймей қараға.
Тегі бөлек, поэзия патшасы,
Отанында мойындалған Дана Аға!
Туы берік ұлы қамал бірлік бар,
Бірліктегі халықтарда тірлік бар.
Еңселі ел болды қазақ халқымыз,
Танытты оны бір Олжас пен бір Мұхтар!
Елші болдың, демен орының бос қалды,
Елге үлес өлеңменен қос мəнді.
Басыңнан бақ кетпесінші Олжасым,
Көбейте бер бауырмалды достарды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу