Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  213


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тоқтар Әубәкіровке

Қазақтан ғарышкерсің аты шыққан,
Ақылмен талай жанды шалып жыққан.
Ойланып азды-көпті пікір түйсек,
Біздің Тоқтар – Гагарин қадыр тұтқан.
Жетелеп Талғат атты інішекті,
Ғарышқа қосқан талай берешекті.
Қазақтың домалағы көптеп ұшсын,
Тілермін бір Алладан келешекті.
«Ұшуға қазақ тегі жарамайд» деп,
Іші тар, көре алмастар қаралап кеп.
Балаға Тоқтар деген таңырқасып,
Бас иген шеберлікке «Ғаламат!» деп!
Жаратқаным тудырды Тоқтарымды,
Тоқтарым, шыңға салды соқпағыңды.
Бұл сөзге түсінгендер күте берсін,
Қазақтан өсіп шығар көп дарынды!
Тəңірім, ұзақ етсін өміріңді,
Қатерсіз етсін Алла жорығыңды.
Тоқтардың батырлығы ханға жағып,
Тарихқа тұңғыш қазақ болып кірді.
Қашаннан əділетті бағалаңыз,
Көп жастар дайындауда Хан, ағамыз!
Заман да, адамдар да түзелер-ді,
Тоқтарлар бола алмайды дара жалғыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу