Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ахмет Иассауиға

Алпыс үште келмей-ақ, өлім деген,
Қош айтыстың жалғани өмiрменен.
Жер астында отырдың, сырыңды ашты,
«Диуани Хикметтегi» небiр өлең.
Уақыт – қанжар жүректi тiлiмдеген,
Қарақшыдай ұры ажал бiлiнбеген.
«Пайғамбардан көп жасау – күнə» дедiң,
Аллаға мадақ болды тiлiңде өлең.
Адам – пенде үмiтсiз күн өтпеген,
Əулиесiң сырласқан түнекпенен.
Қыршын жанды Аллаға бағыштадың,
Кебiнсiз – ақ тулаған жүрекпенен.
Шын мен жалған арасы қыл өтпеген,
Алла деген қосылған тiлекпенен.
Мұхаммедтi еске алсаң, өзiңдi ойлап,
Аруағыңнан күш – қуат тiлеп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу