Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  532


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тұрар Рысқұловқа

Ленинмен ақылдасқан, жүріп бірге,
Сталинмен жағаласқан, түнектерде.
Ардагер ерім ақиық, қыран еді,
Халқы үшін қан жұтқан, өткелдерде.
Қанаты талмас сұңқарым, асыл еді,
Қаймығу білмес қыраным, жасын еді.
Болашаққа болжамы бар, сенгіш еді,
Ақылға кен, өмірге ғашық еді.
Ұлтымның ерен қорғаны, темірі еді,
Даңқымның сырлы дастаны, өмірі еді,
Заманмен тағдыр табыспай, өрге ұмтылып,
Өштіктің болды құрбаны, еңіреді.
Өкініш болды өмірің, жалған болды,
Қоғамға толмай көңілің, тар заң болды.
Айқастың жалғыз қайыспай, қапы кеттің,
У зəрін бастың шөгірдің, арман болды.
Зəрленді заман ағыны, бұзылып кетті,
Кəрленді қоғам қауымы, қызынып кекті,
Көмбесі күдік асқынып, жала жабылып,
Жаулықтың рухы қағынды, үзіліп кеттің.
Дəуірлер өшпес атағың, заманың келді,
Аман тұр əзір отаның, аман тұр енді.
Аңсайды халқың өзіңді, ардағым ғой деп,
Еркіндік алған қазағың, ұмытпас сені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу