Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  1455


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шерхан Мұртазаға

Мен сенемін, бір сенсем,
Сіздей мықты Кісіге.
Тілім үшін күрсінсем,
Басқалардың ісі не?
Мен сенемін, құласам,
Қолтығымнан сүйер деп,
Жерім үшін жыласам,
Меніменен күйер деп.
Көргенімде бірді-екі,
Ойға келем кейде осы:
Сіз – Намыстың суреті,
Ұлтты сүю – бейнесі.
Сөздеріңіз ғажап тым,
Тыңдап, көңілім өседі.
Шаршап жүрген қазақтың,
Шер-аға, Сіз көсемі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу