Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  112


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мағжан Жұмабаевқа

Өлең – аққу мерген оққа тігілген,
Ұстаймын деп талай надан жүгірген.
Алып кетті Зұлматында Заманның,
Өңшең жендет етек-жеңі түрілген.
Қазанымда ұйып қалды мол қатық,
Заман, Уақыт қайта туды толғатып.
Маржандай қып тізген асыл жырыңды,
Қолыма алдым, жоғалмауы – зор бақыт.
Шыныменен соқыр болып кеше мен,
У таттым ба арыз жазған кеседен.
Қайта оралған Мағжандарды көргенде,
Артық дедім басқалардан пешенем.
Сұлу өлең сылдыраған бал бұлақ,
Төріңде тұр, оқы, тыңда, сал құлақ!
Мағжан – Бүркіт көкте ұшты саңқылдап,
Мағжан – міне, арқыраған Арғымақ!
Көтер көкке, ардақтыға санайық,
Құр отырма, өткенді айтып қарайып.
Қара домалақ балаларыңа Мағжанның,
Асыл жырын жаттата бер, халайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу