Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  164


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шәкәрім Құдайбердіұлына

Шəкерім Ақын атылды!
Абайдың туған інісі.
Үзілді қырда ақырғы,
Аруақты жырдың тынысы.
Қара күш жеңді Ақылды,
Өшірді отты бір оқпен.
Қазағын сүйген Ақынды,
Өлтірді атып жүректен!
Заманнан заман ауысып,
Есін де зорға жиыпты ел.
Аруақты жыры табысып,
Халқына келді сүйікті Ер.
Мектепке аты беріліп,
Көше де болды ұлы ақын!
Жазылған жырын ел ұғып,
Кітаптан тапты мұратын.
Қара күн, заман сұрапыл,
Тізгінін берген наданға!
Қара күшті де ұлы Ақыл,
Жеңеді жаңа заманда!
Егемен елде атағын,
Көтеріп тұрған шын ісі.
Замандас бізге Шəкерім,
Абайдың туған інісі..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу