Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  90


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мұқағалиға

Жарқ етіп өттің өмірден,
Өмірді жасап Өлеңмен!
Ал енді, кітап төрімнен,
Асыл жырыңды көрем мен!
Тірліктің қысқа екенін,
Білгендей шектің азапты.
Отаның – туған мекенің,
Ардақтап өттің қазақты.
Даласын сүйдің, тауын да!
Жерін де сүйдің аспанын.
Көп шығар сенің жауың да,
Бірақ көп одан достарың!
Кім айтар сені өлді деп,
Күмбез боп тұрсың жырдағы!
Кім айтар сені көмді деп,
Жалындап тұрған сырлары!
Əн болып жатыр айтылып,
Жете алмай кеткен арманың.
Сөреге жетпей алқынып,
Сүрініп кеткен ардағым!
Маған да қызу, жалын бер,
Өнеге – өзің жетелер.
Ұлы Ақын деп таниды ел,
Ұлым деп басқа көтерер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу