Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  137


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ахмет Байтұрсынұлына

Қазақтың таңы жарқырап жаңа атқанда,
Азаматтары Алаш деп мінді аттарға.
Əліппе жазып білімге елді шақырдың,
Ғылымда сүңгіп қатпары қалың хаттарға.
Баладай болып, данадай толып мінезің,
Өрге сүйредің Ана тіл жүгін бір өзің.
Ленинге барып, кетесін айтып бетіне,
Орындалмады, замана тар боп, тілегің.
Абақты көрдің, оқты да көрдің, отты да,
Жауларың түгіл, ағайын жықты соққыға.
Оралдың елге, бола алдың дана көсемі,
Тағдырың шешкен Уақытың келіп соқты да!
Ленинді халық ұмытты, Сізді сақтады,
Есіл еңбектің кереметтігін мақтады,
Еліңе əкеп Ұлы Ұстаз деп танытты,
Егемендіктің ерекше таза ақ таңы!
Əлі де дана, əлі де бізге ағасың,
Дариядай толқып келешек күнге барасың.
Білім мен ғылым, ұлтты сүюге бастай бер,
Артыңнан ерген тілектес соған Алашың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу