Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  198


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ілиясқа

Ілиястың мəлім жазғаны,
Ақандай ақын тұлпарын.
Өзінің тағдыр-маңдайы,
Осыған жақын бір қадым.
Сүрінді тұлпар Құлагер,
Балтасын дұшпан сілтеген!
Ақын да өлді. Ұлы өнер,
Түскен жоқ əлі бір төмен!
Жырлары халық жадында,
Аузында сəби баланың.
Кітабы жатыр алдымда,
Құлагер – тағдыр дананың!
Болмайды өлді деуге де,
Артында қазақ халық бар.
Лапылдап жатыр кеудеде,
Ол жаққан жалын – жарықтар!
Өзінше бөлек орыны,
Жұлдыз ол – бейне жарық күн.
Ақынның биік болуы,
Биік болуы халықтың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу