Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  596


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шыңғыс Айтматовқа

Шыңы бар таудың басында қары,
Жасықтар өтіп, асыл қалады.
Жиырмасыншы ғасыр тудырған,
Айтматов Шыңғыс – ғасыр адамы.
Роман болып ғажаптың көші,
Қырғыздан туған азаттық осы.
Аралас аудан Таласта туған,
Айтматов Шыңғыс – қазақтың досы.
Еуропада жұрттың шынары,
Ардақталады, мықтымсынады.
Еуропаға терезе ашқан,
Айтматов Шыңғыс – ұлттың шырағы.
Халықта мəлім қазына бары,
Шығармалары жазылады əлі.
Жер планетаның мақтаныш етер,
Айтматов Шыңғыс – нағыз Адамы!
Баланың досы, дананың досы,
Тастама Шықа, қаламыңды осы.
Қазақта – Мұхтар, Қырғызда – Манас,
Айтматов Шыңғыс – Даланың досы!
Ерекше туған даланың гүлі,
Ғасырда туар дананың бірі.
Азия – ана толғатып туған,
Айтматов Шыңғыс – Ананың ұлы!
Төбеде туып, шың болып өскен,
Атаға лайық ұл болып өскен.
Біз бақыттымыз замандастары,
Шыңғыс Айтматовпен бір ғұмыр кешкен!
(Екінші өлең)
Əлем білген атыңыз бар жарасты,
Талантыңа таңданып жұрт қарасты.
Кішіктігің таңдандырды қазақты,
Бір ұстайсың Əуезов пен Манасты.
Бірі – ұстаз, бірі – баба тағылымы,
Қырғыз, қазақ айнымаған тағдыры.
Манасты да ұлы Əуезов қорғаған,
Бүкіл қырғыз түсінеді дəл мұны.
Сөздеріңе басын иді Ғалам, Жер,
Қазақстан Өзіміздің адам дер.
Жүз жасай бер бақытына Дүниенің,
Сөзі – алтын, өзі – жарқын қаламгер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу