Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  103


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Бірінші шегініс

Зоя қыз өлең оқып жатқа əдемі,
Бір жазуды жасырын сақтап еді.
Ол ұлы Шекспирдің жыр жолы еді:
«Ұмытпа, қош, есіңде сақта мені...»
Алынған Шекспирден бір жыр еді,
Бір жырды неге түйді гүл жүрегі.
Күнделіктің ең соңғы бетіндегі,
Бұл сөзді неге жазды? Кім біледі?
Десе біреу аспанда Күн сөнеді,
Күлеміз, нандырмайды бұл себебі.
Соғыстың екінші аты –ажал, бірақ
Он сегізде өлімге кім сенеді?!
Жоғалтты талай тату, сырласқан да,
Үлгірмей сырласуға, мұң басуға.
Соғыс – безбен, сұм ажал – жүр қасында,
Қыз тұрды сол безбеннің бір басында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу