Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  562


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Рақымжан Қошқарбаев

... Жеті сағат тұрды ажал қатуланып,
Жеңіске үш жүз алпыс метр қалып.
Секунд сайын өліммен арпалысып,
Жеттің, Жеңдің. Ел білді атыңды анық.
Енді аңызсың Отанда, қазағыңда,
Халық ырза өзіңдей ғажап ұлға.
Қызыл туға қарайды жылнамашы
Болашақта тарихты жазарында.
Тілегін бір өзіңе қосқан халық
Шығарды есіміңді аспанға анық.
Тарихтың кітабында қалды атың,
Ту ұстаған Рахымжан Қошқарбаев!
Асқақтатқан Отан мен қазақ атын,
Ерлігіңді əлі көп жазар ақын...
Батырым деп қуанып сүйеді ел
Рейхстагқа ту тіккен азаматын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу