Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  383


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Батыр ата - Бауыржан

Москваның түбінде
Ерлігіңді таныттың.
Атақ-даңқың бүгінде
Аузында жүр халықтың.
Сан өлшедің ойыңды,
Шешіміңді бір кестің.
Намыс қысса бойыңды,
Халқыңменен тілдестің.
Қан майданда қайтпастан,
Жау жасағын күйреттің.
Бейбіт күнде – əрқашан –
Адалдыққа үйреттің.
Жайнай түсті жер төсі,
Бейбіт күннің жанды оты.
Еліміздің еркесі
Отанымның солдаты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу