Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  127


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Марсқа ұзақ жұмысқа

Марсқа ұзақ жұмысқа
Кеткен-ді папам, мама да,
Ондағы үлкен құрылысқа
Келсеңші дейді маған да.
Оларға бару қайда əлі!
Шаншылып жүрмін мұрнымнан.
Шыға алмай жүрмін Айдағы
Эксперанто – клубымнан!
Мазаны бірақ алатын,
Əзірше Марс – көмескі ой.
«Жигулимен» жете салатын
Жиырмасыншы ғасыр емес қой!
Біздерден басқа батыл кім?!
XXII ғасыр кемелді:
Миыма жасап жатырмын
Биожад тəжірибелерді.
Оқыдым ғажап жаңалық,
«Галактика» атты журналдан:
«Микробиологиялық
Жасанды белокты да алған!»
Жасасын ғылым заманы!
Адамның ақыл-күші осы.
Емдейміз кемтар баланы
Ауырған дене мүшесін?
Жетекші біздің қатал-ақ!
Жақпайтын оған мен ғана –
Класты ертіп апармақ,
Айдағы зоофермаға!
Қоян ба бізге керегі?
Сабақтар қандай ерсі еді?!
Қайталап айта береді
Жерде де көрген нəрсені.
Бос сөзді құйып басыңа,
Ұнай ма айтса саған да?
Лазердің станциясына
Апармай ма екен одан да?!
Марсқа мекен орнады,
Оны да саған айтып ем.
Мектебім бітсе сондағы
Құрылысқа кетем жалпы мен
.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу