Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  106


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Көкпар

Əбжілдік керек дəл мұнда!
Сіңірлі, тастай тарамыс,
Əдісті қолдың алдында
Əдіра қалар қара күш.
Қағылез қара денеде
Қайратты қаның ойнайды.
Қария тұрып төбеде
Балалық шағын ойлайды
Құлшына кіріп додаға
Атыңды сынға салмасаң,
Жігіт деп сені бола ма,
Көкпардан жүлде алмасаң!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу