Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  64


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Көгершіндер

Бір жерде асыл құстарға
Біреулер мылтық көздейді-ау!
Көгершін көкке ұшқанда
Мергеннің барын сезбейді-ау!
Еркелеп аспан төсіне,
Көп құстар ұшып барады.
... Ақ құстар елдің есіне
Əдемі ойлар салады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу