Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  97


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Айнала түгел күміс қар...

Айнала түгел күміс қар,
Аязды, ей, Қыс, шақырма!
Бір кемпір елге уыстап
Қып-қызыл гүлдер сатуда.
Гүлдер де бейне балапан,
Жылылық күтер ол елден.
Суық-ау мұнда тек оған,
Суық-ау қанша дегенмен...
Аяздан қорқар түрі жоқ,
Суыққа несін қарасын!
Барады бір-бір қызыл от
Аралап елдің арасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу