Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  71


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Күздегі қоңыр əнімен...

Күздегі қоңыр əнімен
Көтерді толқын көк төсін.
Аралым, келдім тағы мен
Сағынып сені кеткесін.
Шалқығым келді теңіздей,
Баладай бейне жел-ерке.
Келіп ем мұнда сені іздей,
Көңіліме түсті көлеңке.
Іздеумен көңіл кешкенмен,
Ізімде қалды қанша мұң.
Шегінген құмдар сескенген,
Толқындарыңды аңсадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу