Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  266


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жаңбырдан соң майысса гүл білегі...

Жаңбырдан соң майысса гүл білегі,
Аспан шайдай ашылып, күн күледі.
Күн-суретші тынымсыз қозғалады,
Суреті дала шығар... кім біледі?!
Кенет күннің күйдірсе құмды лебі,
Бұршақ төгіп бəрін де бүлдіреді...
Сала алмаған сурет – құм, ал бұршағы
Өшіргіші шығар ол ... кім біледі?
Табиғаттың үзбеймін нəзік гүлін,
Сала алмаймын суретін – жазықтымын.
... Ешкімде жоқ ғажайып құдіреті бар,
Сүйемін тек мен оның нəзіктігін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу