19.05.2022
  489


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

КІТАПТЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Ей, перзент, бұл тарауда сен сұраған мәселе- лер хақында сөз қозғамадым, себебі амалды іс- ке асыруды өз міндетім деп білгейсің. Ал мені жақсы дұғалармен есіңе алып тұрғайсың! Қайсы дұғаларды оқудың қажеттігін сұрапсың, оларды өзің «Сахиқи Бұхари», «Сахиқи Муслимге» ұқса- ған жақсы кітаптардан іздеп тапқын. Бұл кітап- тағы дұғалар Расуллаилла дұғалары. Бұл дұғаны әрдайым оқып жүр, әсіресе, намаз соңында: «Ей, тәңірім, біздер сенен бар асылық және күнәлар- дан сақтамақты, бар рақымыңмен денсаулықты, түрлі тіршіліктегі қошуақ өмірді (сенен келетін қияметтeгі пайдаларды), мейірбандықты, кемел адамгершілікті, жалпы ризық, несібеңді тілеуші- міз! Пәруардігер сенен өтінішіміз, әруақытта жақсылықты біздің пайдамызға нәсіп ет! Арыз үміттеріміздің орындалу жолын ашық ет! Арыз үміттерімізді артығымен ақиқатқа айналдыр, ер- телі-кеш саламаттығымызға сәттілікті сауға етіп, өміріміздің соңында келетін ажалымызға асқан шеберлікпен алып барар жеріңізге рақметіңнің сара жолымен жеткізіп, күнәларымызды Ғәфу жаңбырымен жуып, айыптарымызды түзетіп, жөндеу істерін бізге нәсіп еткін және тахуалық рухани мән-мағынамызды саламаттықта сақтау- ға себепкер болып, оны тәнімізге киім етіп кигі- зе гөр! Күш-қайратымызды діл жолына жолдап, тәуекелімізді өзіңе бағдарлатып тұрар мекенімізді жұмақ айы болуға несіп ет!


Ей, Рәббім, бізді тура жолға түсуге себепкер болып, қиямет қиыншылықтарынан сақтап, күнә- ларымыздың ауырлығын жеңілдетіп, жақсылар қатарынан, ризық-мәртебе, көңіл-күй, адалдықпен пайда беріп, арамдық жиіркеніштерінен, жауыз- дардың жауыздығынан сақтап, ата-ана, аға-іні, апа- қарындастарымызды қиямет қасіреттерінен және жалпы момындар мен момунияларды жаһаннам азабынан азат қылғайсын.


Ей, Ғазиз, ей, ұлық, жалпы ғалам көсемі, құді- ретті күштісі, ей, айып нұқсандарымызды бүркеп бекітуші, қүрметтілер ішіндегі жеке сайып құрмет Иесі!


Ей, мейір-шапағат, рақым-рақматы мен шапа- ғаттылар арасындағы жеке-дара шапағатты Алла.


Әмин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу