19.05.2022
  353


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

БАҒЗЫ БІР ПАРЫЗ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ей, перзент, жазған хатыңда кейбір мәселелерді сұрапсың. Бірақ оларды жазып, не айтумен түгел сипаттап беруге болмайды. Оның мән-мағынасы мен жай-жапсарына қанығып, ілесе алмасаң, көбі көңіліңе аян болмайды. Өйткені, сенің сұраған ілімің рухани шабытқа байланысты, көркемөнер, сұлулық, әдемілікке әуестеніп, қызығу ілімі. Оны


«Зауық ілімі» кейде оны (іліми хал) деп те атай- ды. Айтып өткеніміздей, ол ілімге тиісті ілімдер- ді сөзбен жан-жақты сипаттап айтуға мүмкіндік жоқ. Өйткені, бұл ащы, не шырын тағамның дә- мін татып көргенде ғана сезіп білетін жағдай іспетті. Хикаяда айтылған екен: «Бір кісі өзінің тәуір керетін досына жыныс қатынасының ләз- заты қандай болады» деп хат жазғанда, досы: «Ей, пәленше, мен сені тек жынды деп есептеп жүр- сем, енді білдім, сен жынды-ақымак, екенсің» деп түңіле жауап жазыпты. Құрылысшының қалау, се- зім-ләззатына терең түсініп, ілесе алған жағдай- да ғана, бұл ілімге қызығып тереңіне бойлап қаді- рін білерсің, ал тек айтып жазғанмен ешқандай нәтижеге жете алмайсың. Ей, перзент, сұраған бағзы мәселелерін «Эһяұл-ұлым» атты кітабым- да талданып айтылса да төменде қысқаша тоқта- лып өтемін. Ей, перзент, шариғатқа тән амалдың алғашқы сатысы сабыр-ықтиятың берік болсын! Оны әрдайым, басқа көлденең кесірлерден сақтай біл. Екіншісі – тәубеге келген соң, қайтадан күнә істерді ісгеме. Үшіншісі сенен Хақ тағала талап еткендерді түгел орында, бойыңда біреудің ақысы қалмасын.


Алланың әмірлерін орындауға жететін, саған ақыретте пайда беретін ілімді бойыңа сіңіріп, жи- нақтауың керек. Осы бір мөлшерден артық білім алу саған міндет емес.


ХИКАЯ. Шибли Рахматуллах Әлейһи айтқан екен: «Төрт жүз пірі мұраттарына қызмет етіп, төрт мың хадисті оқып түсіндім. Бірақ сол төрт мың- нан, тек біреуін бекем ұстап, сол хадисті пайдаға асырдым. Басқасына көңіл аудармадым. Басқа- ша айтқанда, терең және жан-жақты пікір ойлап сенімді болдым, жаһаннамнан құтылуды ойлап, осы хадиске сүйеніп, ілім үйрендім. Өйткені, сол бір хадистің өзі, қажетті ілімнің жиынтығы екен. Сондықтан, сол хадисті пайдаландым» депті.


Хадис. Расулла саллалаху Әлейһи уассалам кейбір сахабаларына айтқан екен: «Бұл дүниеде қанша уақыт тұруыңа қарап іс қылғын. Алайда артық істермен шұғылданып, өміріңді босқа өт- кізбе. Ақыретте қанша уақыт тұратыныңды ойлан (мәңгілін ескертіп отыр). Аллаға өлшеусіз мұқтаждығыңды және жаһаннам жалынына қан- шалықты шыдай алатыныңа қарап іс істегін». Бұл хадисті терең аңғарып мойындағын. Жаһаннам алаңында сен тағат қыла алмассың және қажет- тіліктің күнәкәрліктен айырмашылығы болар. Ей, перзент, осы хадистің маңызына түсініп, оны амалға асырып іс істесең, есепсіз ілімдерді оқып- үйренудің қажеті де болмайды. Шақиқи Бал- қиямен сұхбаттас болғандардың бірі, Хатам Ұл- Асамнан (Алла екеуін де жарылқағай) және бір басынан өткен хикаядан айтайын, сен құлағың- ды салғын. Бір күні Шақиқи Хатамнан сұрапты:


«Міне отыз жылдан бері сенімен сұхбаттаспыз, шыныңды айтшы, сол уақыттан бері осы сұхбат- тастығымыздан не пайда көрдің? Хатам айтыпты:


«Бұл уақытта үйренген ілімдерімнен сегіз пай- да көрдім», осы сегіз пайда мені жаһаннамнан сақтауға ықпал жасар деген үмітім бар» депті. Бұл сегіз пайдаң нелерден құралады дегенде, бірінші пайда сол – халыққа жүзімді бұрын көрдім.


Әрқайсысының өзіне лайықты ғашық-машық, сүйген дос жараны бар. Бағзы біреулері өлім шер- бетін ішкенге дейін сұхбаттас болып, ажырамас кейбір сүйіскендер қабір жанында да бірге болады. Ол ғаламнан өткеннен кейін жалғыз өзін қабірге қойып қайтады. Бірде-бір ғашықтардың екі бір- дей сүйгендері жоқ. Сүйген жарымен бірге қабірге кірсе, (ғаламнан өткен соң) ол ғашық-машықтар бір-біріне жанашырлық жасап, көмектесе ал- майды. Соларды ойлап өзіме-өзім айттым: «Ең жақсы сүйіктім сол болар, ол өлгеннен соң, көрге өзіммен бірге кірер және жанашырлық жасап жәрдемін береді. Өзіме ізгі іс, ізгі-амалдан басқа қамқор сүйіктіні таппадым, соны ғана дос тұт- тым, өйткені, ол қабірде де маған жарық нұр болсын және мені жалғыз қалдырмасын!» дедім. Екінші пайда халыққа бетімді бұрып және бір көргенім бәрі де көңілі ұнаған бағытқа бет бұрып, нәпсі талабын орындауға асығады. Бұл жағдайды аңғарып, Алла тағаланың мына бір айтқандары есіме оралды. «Кімде-кім Алла алдында жауап беруден қорқып, нәпсісін жамандықтан тыйса, әлбетте жұмақ оның жайы болары ақиқат» дегені. Анық білгенім, Құран – Хақ және Шындық. Ал- дымен Алла айтқан ғибадаттарына разы болып, мойын ұсынғанша нәпсіге қарсы тұрдым. Оған қарсы ұрыс ашып, өзімді жаман пікірлерден қайтарғанша  қатты  қиналдым.  Үшінші  пайда әрбір адамды көрдім. Мал-дүние үшін желіп- жортып жиған малдарын бекем ұстап қайырлы және cayaп істерге жұмсамайды. Бұны көріп Алла тағаланың бір сөзін есіме алдым. «Сіз- дерде болған мал мен байлық таусылады. Алла алдындағы байлықтар таусылмайды” деген. Бұл дүниеде не бір байлық арттырған болсам, бәрін де Алланың разылығы жолында жұмсадым да және оның құзыры алдында жариялық тапсын деп кедейлерге таратып бердім. Төртінші пайда – кейбір ел-жұртты көрдім: «Біздің абырой ізетіміз қауым-қарындастарымыздың көптігінен» деп мастанып, астамшылыққа салынады. Кейбір халықтар өздерінің абырой ізеттерін, оның се- бебін мал-мүлкінің және перзентгерінің көті- гінен деп ойлайтыны да болар. Басқалары өз абырой атағының асқақтауынан десе, біреулері зұлымдықпен мал топтаса, біреулері зорлық- зомбылықпен тартып алып, дүниесін көбейтсе, тағы біреулері бар мал-мүліктерін қажет емес жерлерге сарп етіп, ысырапқа жол берушілік жағдайды армандайды. Сонда Алланың сөзі ерік- сіз есіңе түседі: «Шын мәнінде сіздің абырой ізетке ие болуыңыз, Алладан қорқып, тахуалық жасауыңызға байланысты» деген. Ал тахуалықты қалап, Құранның һақтығына, шындығына сеніп, иман келтірдім. Әлгі кісілердің күмәнденуі, сен- беуі ғапілетте қалып, адасып абыржуының дәле- лі. Бесінші пайда – көптеген адамдарды көрдім, кейбіреулері бір-бірін жамандап, сыртынан сөгіп, өсек-аяңмен шұғылданып, ғайбат жасаумен бо- лады. Бұлардың негізі пенделердің мал-дүние, мәртебе үшін бір-біріне қастандық жасау деп тү- сіндім. Алла тағаланың «Мен олардың бұл дү- ниеде толық жақсы жасауы үшін жеткілікті ризық- несібелерін бөліп бердім» деген сөздерін есіме алдым. Ризық-несібенің бөлінуі, әзалда Алла та- ғаланың ұйғаруымен бөлінген және алдын-ала белгіленіп қойылған екен. Сондықтан ешбір жан- ға қастандык жасамастан, Алланың қалауына разы болдым. Алтыншы әрбір адамды көріп, өткінші дүниенің мәртебе-мансабының қызығы- на кенеле беремін деумен бір-бірін дұшпан са- нап, өзара дау-дамай туғызып, араздасады екен. Сонда Алланың бір айтқан сөзі еріксіз есіме түсті: «Шайтан сіздердің дұшпандарыңыз болар, шайтанды өзіңізге дұшпан деп біліңіз». Анық аң- ғарғаным, шайтаннан басқаның дұшпандықтан артық емес екеніне күмәнсіз көзім жетті. Жетін­ші пайда – не бір кісілерді көрдім. Байлықты көбейту жолында желіп жортып жүріп, қулық- сұмдықтан жиренбей, басын от пен шоққа ұрып, өздерін арам, шүбәлі ісгерден аулақ ұстамастан, өз қадірін кетіріп, өзін-өзі төменге тартып, қор болуда. Бұларды көріп, Алла тағала сөзін есіме алып, қайталап айттым. «Жер жүзіндегі барша мақұлықтың ризығын жеткізуші – жалғыз Алла тағала ғой!» дегенді қайта айтуға мәжбүр болдым. Шын мәнінде, ризық – Алланың ықтиярында еке- ніне кезім жетіп, оның ғибадатына басымды иіп, басқа жақтан үмітімді үздім. Сегізінші пайда – қайсы бір пендені көрмейін, сүйеніші де, таянышы да өзіне ұқсаған және бір пенде. Яғни, мақұлык, болып жаратылады да және бір мақұлыққатты па- налайды. Кейбіреуі пұлына, кейбіреуі үй-мүлкі- не, біреуі кәсібіне, біреулері өзіне ұқсаған нашар мақұлық қатарында жаратылғандарға сүйенеді. Соларды көріп, Алла тағаланың мына бір сөзде- рі есіме түсті: «Кімде-кім Алла тағалаға тәуекел қылып сүйенсе, Алла оның жәрдемшісі болар. Әлбетте, ол кісінің Алла ісін оңынан келтіріп, кемеліне келтірер, Алла тағала сөзсіз әрбір нәр- сені және құбылыстарды өз тағдыры мен жа- ратушыдан деп Алла тағалаға тәуекел қылдым. Ол менің сүйенішім де, жақсылық етушім де, ұлық жарылқаушым да!».


Шақиқи Балқи айтқан екен:«Мен Тәурат, Забур, Інжіл және Құранды оқып тәмамдадым. Сол төрт кітап мына айтылған сегіз пайдаға ие болуыма себепкер болып, әмірін айтуда, кімде-кім осы се- гіз пайданы амалға асырса, сол төрт ұлық кітап- қа сүйенгені болады» депті. Ей, перзент, жоғарыда айтылған екі хикаядан білдің. Көп ілімге емес, көп амалға асыратын істерге мұқтаж екенсің. Енді сен Хақ жолын ұстағын! Оның астанасына қадамыңды басқын! Қадам қойған кісіге нелер- дің орындалуы міндет екенін жоғарыда баянда- дым. Біліп алғын, Хақ жолына кіруші кісіге, әлбетте, кемел тәрбие беріп, тура жолға бастау- шы қиыншылықпен қол жеткізуге болатын тура жол. Жаман мінез-құлықтарды қалыптастыру үшін, шайық ұстаз қолында болу міндетті жағ- дай. Шайықтың мүридті тәрбиелеуі жерден өн- ген егіннің жақсы өнім бермегі үшін диқан оның маңайын бөтен арам шөптен, тікендерден тазалағаны сияқты жағдай. Дәл осы сияқты әр- бір мүридке Алланың тура жолын нұсқап, сара жол көрсетіп, тәрбиелеуші пірі керек болады. Шайықтың шарты – ол тәрбие беруге лайықты, Расулла міндеттеген жолға жетектеп жүре алатын ғалым болмағы шарт. Алайда әрқандай ғалым да шайықтыққа жарай бермейді. Мен бұны әрбір кісі


«Мен шайықпын» деп жалғаннан жаңылысты- рып жүрмесін деп шайықтардың кейбір ғаламат әрекеттерін қысқаша баяндап беремін. Өйткені, шайыққа ілескен әуелі мал-мүлік заттай байлық жинаудан жүз үйіруі шарт, мансап-мәртебе, қы- зықшылық дегеннен бас тартып, Расулилланың жолына бас иіп, сара жолға түсуі керек. Және аз жеп, кем ішіп, көп намаз оқып, көп тағат-ғи- бадат қылатын ораза тұтып, садақаларын беріп, нәпсісін қиын да болса тыюы шарт. Міне, осы сияқты нағыз шайыққа ілесіп, төмендегі мінез- құлықтарды өзіне жолдас етсе, сабыр-тағат шү- кірлік,  Аллаға  тәуекел,  сыпайылық,  сақилық, қанағат, нәпсіқорлықтан өзін тыйьп, мүләйім, кемтарлыққа бейім, білімпаз, шыншыл қиялдай білетін және опалылар қатарында болуы ке- рек. Міне, осындай белгілерінен ерекшеленген шайық – Расулла нұрына кенелгендерден болар. Қане енді, сондай шайыққа жолығып, оның ар- тынан ілесетін болсаң! Алайда, бұл сияқты ша- йықты табу қиын. Бұл сияқтылар қымбат баға қызыл тастан да ғазиз болар. Кімге егер бақыт күліп қарап, сондай шайық кез болып, ол шайық оны қабылдаса, сол мүрид шайықтың құрметін ашық жарияда ішкі жан-дүниесімен құпияда қас- терлеуі керек. Жария дегеніміз, сол әр маселеде шайықпен таласып тартыспасын. Ұстаздың қа- тесін сезіп қалғанда да бәрібір оған құжат көр- сетумен шұғылданбасын және құрметсіздік қыл- масын. Жайнамазыңды шайықтан алдын жаз- бағын. Шайық намазын тауысып бітірген соң, мү- ридтік сыпайылығымен, оның жайнамазын жер- ден жиып алатын болғын. Шайық алдында нәпіл намаздарды бос, артықша оқымағын, шайық нені бұйырса, қолыңнан келгенше орындағын. Енді құпия, яғни жасырын құрмет дегеніміз, сырт кө- ріністе естіп, нені мақұлдаса, екіжүзділіктің ға- ламат белгісі байқалып, немесе соған жақындап қалмауы үшін ішінен, сол сырттан есіткенін түгел тастықтауға құмар болмасын, Яғни, сөзі мен ісін- де айырмашылық болмасын. Егер де кейбіреулер- дің сыртқы көрінісі ішкі дүниесіне сай келме- се, оны екіжүзділік дейді немесе соған жақын- дау болады. Егер мүрид осы айтылғандардың үдесінен шыға алмаса, онда ол тысқы да, ішкі де дүниесіне сай келгенше, шайықтың сұхбатын жоққа шығарып тұрғаны мақұл. Ілгеріде баяндап өткізгеніміздей, мүрид өз нәпсісіне тиым салып, оған жанашырлық жасауы қажет. Бұл дәрежеге негізінен, жаман, пасық адамдардың сұхбатынан сақтану арқылы қолы жетеді. Көңілінен жайғас- қан түпкі тегі жындардан болған шайтанның би- лігінен тазарасың. Сонда ғана оның қалыбы, жан- дүниесі шайтанның азғыруынан құтылады. Әр уақытта кедейлікті қалағайсың.


Міне, осы айтылған насихаттарды сопылық жолға түспекші болған мүрид үшін бұлжытпай орындау – бірден-бір міндет болмақ. Ей, перзент, біліп ал, сопылык, екі іс болар. Бірі Алла бұй- рығымен тура жүрмек. (Алла мұсылмандарға па- рыз қылған істерді амалға асыру.) Екіншісі – көп- шіліктен шектемек, яғни халық арасындағы жа- ман істерден өзін аулақ ұстамақ. Кімде-кім Алла бұйрығын толық орындаса, жүріс тұрысы, мінез- құлқы, адамдармен мәмілесі мүләйім жағымды болса, сондай жандарды шын мәнінде сопы деу- ге болады. Жаратушы Алла бұйырғандай, тура болмақ нәпсіні Алла жолында Құрбан қылудың жағдайымен барабар. Құлқы таза, тәбеті аза адамдармен мәміледе болмақтың жолдары мы- надай: Адамдарға өз қалау ықтиярымен өкімің- ді өткізбе, егер шариғатқа теріс келмеген халде олардың да қалау ықтиярымен есептесе отырып, байланыста болғаның жақсы болар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу