19.05.2022
  414


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ҒИБАДАТТЫҢ МҰРАТ-МАҚСАТЫ

Ей, перзент, ілім алудың басты мұраты – тағат- ғибадаттың түпкі мақсатына жетуі болар. Біліп алғын, тағат-ғибадат жақсы және жаман, әдемі, сұлу да және көріксіз де, адал және арам істер де, сөз бен нақты іс амал да шариғатқа араласуда көрініс табады. Әрдайым сөйлегеніңді істегенің, сөйлемегеніңді істемеуің, бәрі де шариғатқа сай келетін болсын. Шариғатқа сай емес деп та- былған істі істеу, күнә деп саналады. Айт не- месе қатерлі операция күндерінде ораза тұттың, я біреуге күш көрсетіп, тартып алған киіміңмен намаз оқыдың. Бұлар сырт қарағанда ғибадатқа ұқсаса да шариғатқа сай келмегендіктен, бәрібір күнәкар қатарында боласың. Ей, перзент, айтар сөзің де, пейіл құның да шариатқа теріс келме- сін! Өйткені, шариатқа сай келмейтін ілім де, іс амалың да адамды тура жолдан жаңылыстырушы болар. Надан сопылардың шариаттан тыс айт- қан сездеріне алаңдамағайсың, сен солардың су- ретіне емес, iсі мен жүріс- тұрысына бақ. Нағыз сопылық махамы ғибадатқа түгелдей берілмек. Нәпсілік шауһат талабын қырқуы шарт. Нәпсіге бейімделіп тұрғанды ар-ұят семсерімен шабу ар- қылы жүзеге асырар. Кейбір жүзеге асыратын істер жасырын қупия атқарылар. Бірақ та шариат- қа қарсы сөйлеу, нағыз шариғатқа жанаспайтын істерді істеп, бейсеубет сөздерді ауызға алмақ со- пылыққа жатпайды. Ей, перзент, бұл тіл жақсы, жаман сөздерді сөйлеуші және бұл жағдай шауһат ғапілетімен толысқан жағдайда, бақытсыздық ғаламаты алыс емес екенін біліп алғын. Қашан сен нағыз ғибадатқа бел байлап, осы нәпсілік ке- селдерін жеңіп өлтірмесең, жалпы жағдайың, бол- мыс қалыбың, мағрипат нұрына малына алмас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу