19.05.2022
  422


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ҒИБАДАТ

Аңызнама. Бір жамағат сахабалар Расулланың қатысуымен Абдулла ибн Омарды естеріне алды. Сонда Расулла айтқан екен: «Абдулла, әлбетте жақсы кісіден егер, түнімен намаз оқымаса он- дай кісі мадақтауға жатпас еді». Расуилла (с.а.у.) сахабаларының біріне айтқан екен: «Ей, пәленше, көп ұйықтама. Алла көп ұйықтайтындарды қия- мет күнінде кедейлендіреді» деді.


Ей, перзент, түнде нәпіл намаздарды оқу – Алла тағаланың өзі бұйырған дәстүр. Алла таң сәріде тұрып оқыса, мағрипат талап етушісі момындар- ды мадақтайды. Бұл жөніндегі аяттар біздерге терең түсінуді талап етеді.


«Таңертең тұрып, ғибадат қылу, Алланың та- лап еткен сөзі Мұхаммед (С.Ә.У.) Алла тағала үш дауысты дос тұтады» депті.


Біріншісі – сәр уақытта шақыратын қораздың дауысы, ол адамдарды намазға оятады; екін­ шісі – Құран тіләуәт қылған кісінің даусы, үшін­шісі – сәр уақытта Алладан мағрипат ілім-білім тілейтіндердің дауысы. Суфиани Саури Рахма- туллах айтыпты: «Құдай тағала бір самал-желді жаратыпты. Ол сондай самал екен, сәр уақытта дүниені кезіп есетін және түрлі дуаларды, жақсы сөздерді, ұлық падиша Құдай тағаланың құзыры- на көтеріп жеткізеді». Әуелі, ақшамда күн батқан- ша ғарыш астынан хабар беріп жақтан дауыстап:


«Ей, ақылды момын, тұр орныңнан, уақыт жетті» дейді. Момындар тұрып, қалауынша намаз оқиды және бір дауыс болады: «Ей, Құдайдан қорқушы момындар, тұрмайсыңдар ма?» деген. Алладан қорқушы пенделер тұрып, сәр уақыт біткенше намаз оқумен шұғылданады. Күн шыққан кейін хабар беруші: «Ей, өкініште – қалған пенделер, орындарыңнан тұрмайсыңдар ма?» дегенде, олар дәл қабірде жатқан өліктердей төсектерінен қоз- ғалады.


Әрбір момын мұсылман сәр уақытында ұйық- тап ғапыл қалушылар тобында қалудан сақтан- ғаны абзал. Лұхман һәкім балаларына насихат етіп айтқан екен. «Ей, ұлдарым, ерте тұруда сенен қораз пысық болмасын, сәр уақытында қораз ша- қырғанда сен ұйқыда боласың». Жұхет ақынның нәзік бір өлеңі еске түседі: «Бір ағаштың басына қонған кептер әуезі пәс болса да түнімен зікір айтып, ән салып шығады. Ал біз болсақ, түнімен ұйықтаймыз. Аллаға айтарым, мен жалғаншы бол- дым. Егер шынымен ғашық болғанымда, Аллаға ғашықтығыммен жылағанымда, хайуандар мені тауда қалдырмас еді. Бұл халмен жыламасам, хай- уандар басын төмен салмайды. Мен болмысыз өзімді, Алланың ғашығы деп күмән қыламын.


 


Әрбір өкініште қалған адам осыған келісетін бол- сын» депті. Бұл тарауда әуелі хайуандар айтқан пікірден ғибрат алуды жөн көрдім.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу