19.05.2022
  196


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

АДАМИ РУХТЫҢ АҚИҚАТЫ

Осы кезден біліп алғын, хайуани-рух – бұл ға- ламдық төменгі дәрежедегі тән түзілісі болар. Шығыт тастындылары төртке бөлінеді: олар – су, от, топырақ, жел-ауа және әуестену әдеті (яғни қалауы) сол сияқты қан, қақырық, запыран, жал- қық. Сонымен су, от, топырақ, жел және қалау қал- пы қызығу, әуестену әдеті, әр түрлі де, бір-бірімен сабақтас болмақта. Ыстықтық пен суықтық, ыл- ғалдық пен құрғақтық, мығдарлық өлшемінің ара-қатынасы тәуіп, дәрігерлік іліміне қажет бо- лады. Бұл төртеуінің орта дәрежедегі ара қатына- сы ыстық және суық, құрғақтық пен ылғалдылық тең түсуі – орташа, жағымды делінеді. Орташа ұстамақпен хайуани-рух қалыбын (сипатын) сақ- тай білу керек. Бұл адами-рухқа қызмет етіп, күш-қуат беретіндерден болар. Сонымен, адами- рух, бұл ғалам сапындағылардан емес. Бәлкім, жоғарғы ұлық, ғалам періштелер жауһарынан болар. Бұл ғалам да рухы тән шахарында ғаріп- мүсәпірлерден, бірақ бұл адами-рухқа ғаріптік себебінен ақырет сапарына қажетті заттарын дайындап берер. Сол себептен де Хақ тағала Бахара сүресінің 38-аятында, 71–72-аяттарын- да: «Бұл – ақиқат, адамды топырақтан халық етіп жаратқан мен боламын. Уақытында дайындап адам жасайтын, адам денесіне өз рухымды пай- да қылдым» дейді. Міне, бұл аяттарда екі рух- тың бар екендігіне ишарат бар. Біреуін алғаш, яғни лайға қарығанда пайда қылыпты. Және оның жаратылыс қалыбына бұл ғибаратпен бір- ге жақсы хабар жіберіп, оны шын мәнінде, жан- жақты дайындадым депті. Міне, қалыпқа түсіру деген осы болар. Одан кейін рухиды өзіме тән дейді. Бұның мысалы сол болар. Бір парша ма- таға от тұтатпақшы болсаң, әуелі ол матаны от- ты қабылдауға жақсылап дайындау қажет, одан кейін матаны отқа жақын келтіріп үрлер, содан кейін ғана от тұтанар. Хайуани-рухқа да си- пат қалыбы қажет, және тәуіп-дәрігерлік ілі- мінде ол рухидың қажеттілігін біледі. Осы жолмен аурудың алдын алып, өлім қаупінен аман сақтайды. Осыған ұқсас адами-рухтың ақиқаты діл болар. Оның да қалыбы бар. Жақсы ғибадат және ұқыптылықпен шариат жолы арқылы оны білуге болады. Өйткені, шариат адами-рухды бір қалыпта сақтар. Оның саулығына себеп болар. Бұдан кейін мұсылмандықтың ұлық дәрежесін баяндаймын. Кісілер ақиқатында адами-рухты білмесе, ақыретті де зеректік парасатымен тани алмас. Хақ тағаланы танымақ та мүмкін емес. Өз жаратылысын танымақ – ақыретті танымақтың кілті болар. Діннің негіз әсілі – иман келтіріп, Алланы тану мен ақыретті тану болар. Осы тұр- ғыдан алғанда бұл ілімді жан-жақты талдадым. Жалпы адами-рух ұлықтығының бір сырын баян еткенім жоқ. Себебі оны баяндауға рұқсат жоқ. Ол ешбір жанның да пайымына сыя бермес. Хақ тағаланы танымақ және ақыретті танымақ – бәрі осы бір әсілге байланып қойылған. Қиыншы- лықта, оны жеңу қайратының тарихымен ғана ол әсілді білерсің. Егер біреуден естісең оны қолға түсіріп, тұта алмассың. Ал халық Алла тағаланың өлшеусіз бұл сипатын аңғарған-ды, бірақ сене берме. Бұл сипат адам болмысында бар екеніне қалай сенесің? Бәлкім, ол сипат Хақ тағаладағы жаратылыста бар екеніне аят, ха- дистен айдан анық дәлел жоқ болар. Пайым ақылына сыймаған сөзді, халық естумен ғана іңкәр болар деп Пайғамбар Әлейһумус салам:


«Адамға ақыл және пайымына сыятын сөзді ай- тыңдар» депті. Әнбиелердің кейбіреулеріне уа- қи хабар келіпті: «Сипаттарымнан халайықтың пайымына  сыймайтынын  баяндамаңдар.  Тек пайымы жететінін ғана айтыңдар, егер пайымы жетпей іңкәр болса, өздеріне зиян болар”.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу