Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  96


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қара шал

Қарашы, əне, көрдің бе тамашаны,
Қуанып жүр қазақтың қара шалы.
Қара шалдың қоңырқай костюміне
Қалай-қалай ордендер жарасады?!
Еңкіш тартқан егде деп, ескермеп ек,
Қатал қабақ қарады: «Төс керме!» деп.
Жас кездегі жігері, қайсарлығы
Мен ойладым: «Мұртына көшкен бе?» деп.
Оза шауып, бəйге алған қатарынан,
Алғыс алған аяулы Отанынан!
Қара шалды қысып ап құшағыма,
Сүйіп алғым кеп кетті сақалынан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу