Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  101


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Туған жер

Туған жер, алтын бесігім,
Қашаннан қымбат есімің.
Өзіңнен туған балаңа,
Қашаннан ашық есігің.
Аттанып Айға кетсем де,
Жүрегім болар тек сенде.
«Жұлдызды соғыс» не керек,
Жетпей ме бидай ексем де!
Балалар өссін, жайнасын,
Бақтарда құстар сайрасын!
Зұлымдық билік алмасын,
Жамандық оты жанбасын!
Көк аспан ашық, күн күлсін!
Көгерсін, күлсін бүлдіршін.
Ана Жер, балаң – бар адам,
Бар балаң, Ана, бір жүрсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу