Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  231


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Болмасын соғыс

Енді соғыс біздерді сынамасын,
Сəби іздеп анасын жыламасын.
Əке, бала арасын бомба бөліп,
Балабақша, мектептер құламасын.
Жайқалса екен гүлдермен белес мүлде,
Соғыс ойы болмасын тек ешкімде.
Қанатты ракета керек емес,
Қажеті жоқ ұрыстың, егестің де.
Адамзат еңбегімен еркіндесін,
Жүрмесін сұм соғыстың өртін кешіп...
Мемлекет мемлекеттің жерін алып,
Бір адам бір адамды өлтірмесін.
Жойылсын барлық қару адам атқан,
Мөлдіреп ата берсін адал, ақ таң.
...Дүниеде нұрланбаған жер қалмасын,
Бейбітшілік дейтұғын ғаламаттан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу