Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  80


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Нан

Нан көремін оңымда да солымда,
Алтын таулар – алтын бидай жолымда!
Нан көремін теміршінің, шопанның,
Космонавтың, балықшының қолында!
Нан көремін – еңбек еткен ер көркем!
Нан көремін – бидай толы жер көрем!
Алғыс, шаттық, өлең болып тарайды
Республика байтағына көлбеген!
Нан көремін, жаңа піскен нан көрем!
Үзім наннан қасиетті мəн көрем!
Нан пісірген – Қазақстан оты бұл,
Талай-талай жолдан өтіп сөнбеген!
Қастасқанды мейіріммен емдеген,
Дастарқаны ашық елмін мен деген.
Қазақстан – қызыл тулы бесігім,
Жүз халықтың балаларын тербеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу