Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  96


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Алматы

Жанам деп келген сан арман
Табады сенен баспана.
Жыл өткен сайын жаңарған,
Жаңарған жасыл, жас қала.
Сағынып жетем шалғайдан,
Бағыңның аңсап саясын.
Əке боп сипап маңдайдан,
Ана боп құшақ жаясың.
Жақсылық құйып көңілге,
Жүректі жатыр жыр бөлеп.
Қалалар көп қой өмірде,
Алматы, орның бір бөлек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу