Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  116


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Түйе

Күн күйдірді арқаны,
Шөл кептірді аңқаны.
Кесапат шөл кесірлі
Алға сағым тартады.
Жоқ ешкімнің көмегі,
Керуен жылжып келеді,
Сенбейді Адам өзіне,
Түйесіне сенеді!
Күнді бұлт шалмайды,
Көк балауса сарғайды,
Шөліркеп тұр жусан да,
Көктен тамшы тамбайды.
Қалың елді шұбалған
Қапас құмнан шығарған
Шөл көлігі – түйелер,
Жаралғандай шыдамнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу