Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  95


Автор: Нұрым Ғұмар

Алагеуімдегі жыр

 


"Сыр"


 


Жүректің айтылмаған сыры барма,


Біз кешетін бақыттың күні алда. 


Мендік мұңды уайымды асқындырмай,


Хабарласып тұрсаншы құрығанда.


 


Сағынышқа сан ұрынып жалықпағам,


Өртке оранған ормандай жанып барам.


Қызуым- бар әлемді күйдірердей, 


Ал түтінім саған қарай қалықтаған.


 


"Өмірімнің бағы сенсің бар мәнім",


-Дәл осылай айту саған арманым.


Тек өзіңмен жолығуды қалар ем,


Алтын балық қапса егер қармағым.


 


Арманымды айтқанмын жаңа тілдеп,


Бар ақылды батырды қара түн кеп.


Махаббаттың кітабын шығарсақ біз,


Мазмұнынан табылмас жабатын бет. 


 


Махаббатқа масайрап мұң іштірдің, 


Ой санамнан кетпей дал күміс күлкің. 


Сүйем деген сөздерім ішімде қап,


Саф күлкіңе тоя алмай тыныш тұрдым. 


 


Сағынышқа желіккіш жанмын делік,


Кейде оқталам сен жаққа барғым келіп.


Бәзбіреуге көңілді ашу оңай, 


Бірақ оған




антым берік. 


 


©️Нұрым Ғұмар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу