Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  102


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Дала

Даланы ақпейілді ерлер білер,
Даланы бала болып келген білер.
Даланы мекендеген еңбеккерлер
Бақытын адал еңбек термен күрер... «Кең дала – дүниенің шын ғажабы», -
Деп қояр қой өсірген қыр қазағы.
Көрер көз, сезер жүрек керек, досым,
Түсіну, сүю үшін бұл Даланы.
Далада – күйші, жыршы, толған шебер,
Қалайша олар барде арман сөнер.
Даланың құдіретін түсінесің,
Даладай қасиетің бар болса егер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу