Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  153


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Достық

1.
Сырыңды ешкімге айтпаймын,
Бір адам білсе егер –
Ол – досың жаныңа нұр себер.
Сүрінсең – қиыннан қайтпайтын,
Бір адам қасыңда жүрсе егер,
Ол – досың жаныңа нұр себер.
Күрес қой əр күннің өзі де,
Сынауға бұл өмір тым шебер,
Отанның тағдырын
Ойлайтын кезінде
Бір адам қатарда тұрса егер,
Ол – досың жаныңа нұр себер.
Адал дос – жүректің жартысы,
Бір шешер өмірлік сұрақты.
Маркстей досы үшін, халқы үшін
Күн кешкен Энгельс сияқты.
2
Көбейтпе көңіл кірбіңін,
Көп жүрме босқа кінə артып,
Шын сыйлас достар бір-бірін
Сағына берер құмартып.
Қадірле сырын құрбының,
Досыңды дəйім демеп қой.
Өкпешіл достар бір-бірін
Кешіре білу керек қой.
3
Мойынсұнбай қиындық тосқан ізге,
Өмірде сенімдірек достар ізде!
Адал дос – жарты байлық, бұдан артық
Бақыттың қажеті жоқ басқа бізге.
4
Ұзақ жолда шаршағанда
Сүйенесің – досыңа.
Досың шырқап əн салғанда,
Шырқатасың қосыла.
Азаматқа саналмайсың,
Шын достықты білмесең.
Теңіздегі аралдайсың,
Доссыз болсаң мүлде сен.
Досың айтсын – бар білгенін,
Сенің де ортақ – білгенің.
Доссыз өтсе – бар күндерің,
Босқа өмір сүргенің.
5
Өмір деген –буырқанған ұлы ағыыс,
Ұлы ағыста арман жолы тым алыс.
Сондықтан да дəйім тəтті болады,
Қиындықпен келген əрбір қуаныш.
Жұмбақ деген жетеді бұл өмірде,
Кір жұқтырма сүттей таза көңілге.
Аз мұңайтсаң адамдарды, тегінде,
Мұңаюың аз болады сенің де.
6
Хат жаздым алыс досқа сан:
«Арманға сапар шегіңдер!
Сендерді, достар, ешқашан
Ұмытпай жүрем, сеніңдер!
Мен туған мына өлкенің
Жемісін татып көріңдер!
Өздерің жақсы болсаңдар,
Мен жақсы болам, сеніңдер!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу