Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  100


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жас қала

Атырау – Каспий жағасы,
Қазақтың қиян даласы.
Ақшаңқан қала орнатты
Адамдар енді, қарашы.
Жайнаған бүгін желегі,
Жас қала өсіп келеді.
Баяғы бабам оралса,
Бұл неткен ғажап дер еді.
Даланың соры хақында
Тоғаған күйші, ақын да.
Алыстан суды əкеліп,
Орнаттық нуды тақырға.
Қайғысы кеше зор, батпан,
Бұл жерде елсіз жол жатқан.
... Білімнің күші бүгінде
Далаға қала орнатқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу