Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  113


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мақтаныш

Жер қойнынан от алған,
Тау қыртысын қопарған,
Адамзаттың атағын
Айға дейін апарған
Отанымның ұлымын!
Сертіне жұртты сендірген,
Тонналап бидай өндірген,
Арыны күшті өзенді
Бұғалықтап көндірген
Отанымның ұлымын!
Егіндер, бұлақ, гүлдер де,
Зырлаған күн мен түндер де
Көрінер маған бақыт боп,
Еліммен бірге жүргенде –
Отаным, сенің ұлыңмын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу