Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  267


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тарих

Еңбеккер елміз, батырмыз,
Жылнама – əрбір кезіміз.
Тарихты оқып жатырмыз,
Өйткені тарих – өзіміз!
Бостандық таңын нұрлы еткен,
Күш алдық қызыл тудан біз.
Атайын əлем құрметпен
Құдіретті елде туғанбыз!
Өсеміз жайнап гүлдей біз,
Мақтанышпенен күн кешіп.
Өзіңмен дəйім біргеміз,
Отаным – алтын гүл-бесік!
Ел үшін өмір сүргеннен,
Ежелден бірге сөзіміз.
Тарихты жақсы білген жөн,
Өйткені, тарих – өзіміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу