Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  89


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тағдыр бұл, қолменен жасалған....

Тағдыр бұл, қолменен жасалған,
Алла-хақ, сөкпеймін текке оны.
Қайтадан кектесіп, қасарған,
Өмірім, итерме тек мені.
Қажыма, қайтадан күш жина,
Бола біл болаттай төзімді ер.
Бықсыма, айналсын ұшқынға,
Жүректе тұтанған сезімдер.
Ұшуға шақ қалып ақ құсым,
Қонды бақ басыма жағалай.
Мен бүгін тірліктің тəттісін,
Түсіндім, сүт сүйген баладай.
Өлем деп мен мұңға батып ем,
Қуандым тіршілік шекер ғой.
Пенделер Алланың атымен,
Қылмысты жасайды екен ғой.
Артықтау тұсымды кешіңдер,
Артық сөз, аңғалдау қадамды.
Мені де қанша рет кешірді ел,
Мен қалай сүймеймін Адамды?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу