Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  104


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қайнап тұр Миымда тіршілік

Қайнап тұр Миымда тіршілік,
Жайлап тұр Жүректе тіршілік.
Сайрап тұр Тілімде тіршілік,
Мен аурудан айығамын,
Адамның қанын ішкен,
Сайтани жолға түскен.
Кескенбаевтарға қырсығып!
Таулар қандай сұлу бақтарыменен,
Құстар əн салуда ақтарып өлең,
Жүрегіме мың қайғы батқаныменен,
Мен аурудан айығамын,
Шашып қанымды,
Періште жанымды,
Кербістер ақшаға сатқаныменен!
Сенімім шашымнан қалың,
Ауған жоқ басымнан бағым,
Сырымды жасырмаймын, жасырмағанмын-
Ажалдың елшісіндей топас емшісінің алдында,
Құдайын ұмытқан тасыр қоғамның!
Алла-қолдаушы Мені,
Тұмар-қорғаушым еді...
Ажалға елшілікке жалданған,
Ақшаға ауру сатып алданған


Дəрігер, құдайшыл болғайсың енді


Сауылдаған қанының үстіне біреудің,,
Жалындаған жанының үстіне біреудің,
Сенің бақытың орнаушы ма еді?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу