Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  96


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Аңғал басым, ақымақ басым...

Аңғал басым, ақымақ басым,
Неге сонша дал боласың.
Бір сұлудың алдында.
Ол да сүйсін, күйсін, жансын,
Өкініштен сыбаға алсын,
Исін басын тағдырға.
Қателесіп, ұқтыратын,
Басқа ақылды жүк қылатын.
Өмір сыры бар мұнда.
Қой жүрегім, сабыр сақта,
Бетіңді бұр, Тəңір жаққа,
Сүйіп құшып болдың ба?!
Таны, пендем, Құдайымды,
Ол мейірімді, қайырымды,
Құшағынан жардың да...
Сүю іздеп, көп тантыма,
Адасудан тоқтал! Тура-
Аллаға кел! Ар қылма!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу