Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  118


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Бұл өмір шындығы бар, сұмдығы бар...

Бұл өмір шындығы бар, сұмдығы бар,
Бірде сау, бірде бізді жынды қылар.
Келеміз жолыменен бұрынғының,
Бұрынғының жолынан кім бұрылар?!
Арманы бықсық оттай өршімеген,
Көңілі талайлардың көншімеген.
Қаймақ деп қаспақ жесең, қариялар:
«Бұйырған несібеңе көнші деген».
Көнбедім, несібе аз деп көне алмадым,
Өлем деген жерімде өле алмадым.
Аз несібе көбейіп қиқарлықтан,
Молайған дастарханды көре алмадым.
Өмірде алдағының бəрі күмəн,
Алланың құтылмайсың салығынан.
Жақсылықты іздедім жатпай-тұрмай,
Жалғанның тірлік кешкен жарығынан.
Тектінің тектілігі-танымында,
Тексіздер асып-тасар қалыбынан.
Алланы танығанша көп адастым,
Алланы таныған соң тура бастым.
Жазылған пешенеге несібең бар,
Қарнымен өлшенбейді қара бастың.
Қара нан қазыдай боп дəмі кірді,
Түзеді Алла-Құдай танымымды.
Алдымнан несібемді адал ет деп.
Сүріп келем өлшеулі жарығымды,
Алла-ұлы, содан соң-Адам ұлы,
Адамдар, түсірмеңдер қадіріңді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу