Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  102


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Оқырманға

Жол бірге, тағдыр бөлек екеумізде,
Арманға мың ойланған жетерміз бе?!
Құдайдың сүйген құлы, Пайғамбардың
Шүкір Алла, үмбеті екенбіз де,
Соларға мадақ айтып, мақсат біреу:
Артқыға хат қалдырып кетерміз бе?!
Я, Алла, сол тілекті бере гөр деп,
Аузыма Құран сөзі келе бермек!
Қолға күш, көзге қуат беріп тəңірім,
Ұрпаққа қалдырайын терең Еңбек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу