Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  96


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Алатау асқарымның білген танып...

Алатау асқарымның білген танып,
Атағың жер əлемге болған анық.
Шаңқайға шағылысып жатқан құмдар
Өзіңнен ағып келген бастау алып.
Бұл құмды Жəнібек хан басқан түсіп,
Қолда деп абыройды Омар-Жүсіп.
Шарлады қызыл-Құмды абылай хан
Қол бастап ен даламда еркін жүзіп.
Таусың сен батырыма пана болған,
Құс, аңға-мал мен жанға ана болған.
Қазақтың мəңгі-бақи қорғанысың
Айғақты тек дəлелдер мынау жалған.
Өрбіді баурайыңда өнер-білім,
Серпілтті жастарымды қызыл гүлің.
Төсіңде орналасқан Алматыма
Жəудіреп күннің көз қақты күлім.
Шарлаған бел, жаныңды жырау Жамбыл,
Əн салып, ат ойнатып жолмен даңғыл!
Жас Кенен бұлағыңнан бас алмайтын.
Жауса да күркіретіп сабап жаңбыр.
Күнімен Нұрғисаның əлденгенсің,
Сарынның саз үнімен сəнденгенсің,
Осындай дара тұлға ұлың барда
Алатау шындықты айтшы кімнен кемсің.
Баурады Алматыны желі күздің,
Сарғайған жапырағы таулы түздің.
Дей алмас күз соңында жапырақты
Еш бір жан сабағынан иеге үздің.
Əбіржу күннің көзі тұтылғалы,
Етекке түсіп жатыр таудың малы.
Қыс түссе қасқыр тілі салақтайды
Жем іздеп, тікірейіп құйрық-жалы.
Əрине Алматының үні бөлек,
Сыр берер бағытта тұр жасыл желек.
Ақша қар жауса жауыр дейтіндер бар
Астарлы əр кезеңнің жөнін елеп.
Бұл қала қазағымның түп жүрегі,
Талай жыл көш бастаған нар, үлегі.
Көз ашып ілім құған талаптының
Мұнда кеп орындалған бар тілегі.
Мылтықбай соның бірі келген жігіт.,
Жол тілеп əруақтан еткен үміт.
Ішекке түскі тамақ жайғасқан соң
Балбырап сай сүйегі ектті жібіп.
Жатпайды арсыздыққа мұндай ұйқы,
Ұқсайды шаршағанға шырай-сиқы.
Əруақ шығар мүмкін манауратқан
Əйтеуір жүріс-тұрыс емес шикі.
Шаршатпай қояды ма жүрген жүріс,
Іс бітсе ұялайды шалқа күліс.
Бағынар тынбас жанға өнер-білім
Жолыңда болмағанмен даулы жұлыс.
Мылтықбай əзіз басты алды жұлып,
Жеті ата жаратқанға құлдық қылып.
Барады өңеш-өзек ішке тартып
Ет-тері босанғандай мойын жылып.
Жігітті бей-жай етті көрген түсі,
Ойда тұр ақсақалдың еткенісі.
Көзінде қалып қойды нұр бейнесі
Басылды көзге оттай ақшыл тісі.
Ақсақал ақ таяқпен нұқитүртіп,
Байсалды ақ қабағын түзей іркіп,
«Хабар ал-деді тездеп Мырзашөлден,
Тершіген оң қабағын жеңмен сүртіп.
Деді де тез бұрылып болды ғайып,
Бермеді не батасын қолды жайып.
Түрінде үміттіктің кейіпі бар
Жылжытып əкеткендей ері қайық.
Мылтықбай баба пірім деді бірден
Сіздікі деді шалға төр мен іртем.
Дəметкен əруаққа құран оқып
Баласы бата етті салған жерден.
Əруақ жолға бастар түсінгенді,
Жақтырмас тез ұмытып ісінгенді.
Деді ұл бұл көрінген Молда Əкім
Деп өткен есіркей жүр жоқ пен кемді.
Адамзат асқа тоймас жегенменен,
Құранға өткен тоймас деген егем.
Мылтықбай өз-өзіне əрең келіп
Тартады деді неге маңдай шекем.
Мылтықбай қабырғамен етіп кеңес
Бұйырар болса тұзды қалай жемес.
Деп жолға шықпақ болып дайындалды,
Бабаның бұл нұсқауы тегін емес.
Барады толмай поезд жүйіткіген,
Демейді тұяқтарын тарта бүгем.
Алматы-Шымкент бағыт көмбіс жолы
Сыңайлы үзілместей тартсаң жүген.
Неліктен ыстық екен туған жерің,
Толассыз сағынасың соғар жерін.
Өте сап Жетісайдың көпірінен,
Болады табылғандай шипа емің.
Ауысты Шымкенттен көлігіне,
Жүйіткі деп енді қалған бөлігіне.
Аз өтсе қарсы алады Мақтааралы
Жай түсер сонда барып желігіне.
Жақсылық Жамбайұлы Тастемірден,
Үміті бағын таппақ бұл өмірден.
Мəңгіге пір санапты молда Əкімді
Əзірге ұл емес-ау бұл семірген.
Шəкірт боп Иманқұлдан бата алыпты,
Болсын деп жүріс-тұрыс бір қалыпты.
Иманқұл Молда Əкімнің сүйген ұлы
Бір Алла ол дарынға ой салыпты.
Шəкіртсіз тұл емес пе ғұламалар,
Жақындау кезеңі ме күні жанар
Жемісін еңбегінің көрмей өтер,
Демеуші табылмаса қолға алар.
Жазыпты қос пірінің дастан-жырын,
Болсын деп бұл еңбегім өшпес ырым.
Мылтықбай келе жатыр таныспақ боп
Өткізбек ой-електен ішкі сыран.
Əйтеуір бет алысы тегін емес,
Бір Алла қауыштырса өтпек кеңес.
Бар ойы мақұл көрсе көмектесу,
Қарату бейтанысты түстей елес.
Ділдəбек қалмағанмет бидің ұлы,
Нұр жүзі ақыл-естің мүлде жылы.
Алыпты жыр-дастанмен таныспақ боп
Үзілмей шыдай тұрса ептің қылы.
Бұл жігіт ықыласты жанның бірі,
Жоғалды оқығанда ойдың кірі.
Дастанды Мылтықбайға берген еді
Бірісің мықтының деп ісің ірі.
Ұсынған бұл еңбекті оқып шық деп,
Танысса Əбес емес сіздей мық деп.
Жарыққа шығуына тілектеспін
Ниеттен құп аламын мұны ұқ деп.
Мінеки содан бері ұйқы қашты,
Бұл дастан əз жүрекке маржан шашты.
Кім екен бұл мұраға бел байлаған
Деп бүгін нəубетімен елге асты.
Көпірі Жетісайдың қарсы алған,
Қақпасы оюланған шықты алдан
Есімі Мақтааралдың əйгілі деп
Ибекең Үмбетаев мұны салған.
Ел-жұрты Жетісайдың тірі куə,
Кірісті не асыл бек арман қуа
Бұл көпір шөл даламның өткеліндей
Қалама сəн беріп тұр өңін жуа.
Əзірге бұл дарынды білмейді ес,
Ұшқынын əкетіп жүр шырмаған жел.
Жамбайдың шын перзенті болсаң егер
Демекші бұға бермей басты көтер.
Дастанды үш жыл өткен жазғанына,
Əрине əркім ие қазғанына.
Мылтықбай деп ойлады мақұл көрсе
Қосымша нұр себейін саз таңына.
Жұрт мені Ерімбетов деп сыйлайды,
Мені деп жас буында гүл жинайды.
Дастанын бабасының көре тұра
Қалайша қарап жатып жан қинайды.
Тартады көк желкесі оқығалы,
Бойынан тездеп жайып тоқығаны
Молда Əкім мұнда мені жетелеген
Шашыңның жөнсіз дейді-ау қоқығаны.
Бір күштің барлығына көз жеткізді,
Аз білген мəліметті тез өткізді.
Əруақ желеп-жебеп көтерген соң
Мырзашөл аймағына тез енгізді.
Өз қаны қарындасы ашты есік,
Кенжеші күле қарап сəлемдесіп.
Ғазиза ұйқысының құшағында
Аялып тербеген соң алтын бесік.
Тербеткен ақ бесікті Сəуле сəнді,
Ішінен айтқан болар сырлы əнді.
Күлімдеп Мылтықбайдың алды қолын
Құдаша білмесе де жапсар мəнді.
Мылтықбай шəйін ішті жай сұрасып,
Түсер ме алшысынан салған асық.
Көрмеген көзін ашып жақсылықты
Сөйлеспек осы жолы бетті ашып.
Ерлан да келді кештеу базарынан,
Кім шеттер үйлі-боран қазанынан
Қазірге сыр бермейді күйеу бала
Көндігіп құтылғандай азабынан.
Қандастың ойында жоқ барды тықпақ.
Тойғызды қарындасы асқа нықтап.
Бар ойы ағасының өз ішінде
Таң атса жақсылықты іздеп шықпақ.
Бозарып тірі жанға таң да атты,
Күн нұры силамақ бопсөнбес бақты.
Мылтықбай жетісайды шарлап жүріп,
Қонысын жақсылықтың іздеп тапты.
Жоқ болып шықты үйде ұл талапты,
Ерінді бейтаныс жан бір жанатты.
Жұмыста деді атам ерте кеткен
Жас келін есік ашқан нұр жанатты.
Мінеки Құрманбектің театры
Ішінде шаңырақтың қыр мен сыры.
Жан екен іздегені орта бойлы
Ел сүйген Молда Əкім сенген пірі.
Мылтықбай ерімбетов деді өзін,
Кісіге назар салған тіктеп көзін.
Танытты жылы шырай сөзге кешей,
Тұрпатын ұстайтындай мықты төзім.
Қос ұғым ой төркінін танығандай,
Білмейді қайсысының əні қандай.
Көрмесе бірін-бірі енді қайтсін
Үндесті толқын шерге қаныға алмай.
Жайлатты үйге кіріп сабаларын,
Ауызға жиі салып бабаларын.
Жігітті үйінде көр кеуде қаққан
Деген ғой сыннан өткен аталарым.
Майсокын талай көрген белдің деді,
Жайым бар жоғын жоқтар елдің деді.
Жазыпсыз Молда Əкімнің жыр дастанын
Мылтықбай сол себептен келдім деді.
Жағыпсыз пілік салып сөнген шамды,
Қайтарып сол кездегі атқан таңды.
Несіне сізден күйді жасырайын
Тіріліп келгендей-ақ мейірім қанды.
Молда Əкім көзін ашқан менің бабам,
Ойлаумен ғұламаны жедім тағам.
Иманқұл ол кісінің өз баласы
Мен үшін сол себепті асты бағақ.
Жарыққа шығарамын құп десеңіз,
Тек куə шəйді ішкен ақ кесеңіз.
Менің де жортуылдар жұмысым көп
Шығам да жүре берем жоқ десеңіз.
Сенсеңіз мен демеуші бел байлаған
Бар шығар кезіңіз де көп ойлаған
Танысын ғұламаны біз арқылы
Бір қансын шəрбатына ел жайлаған.
Жақсылық сəл іркілді ойға қалып,
Сөздері Мылтықбайдың жетті талып
Бір ауыз үндесуге тілі келіп
Молда Əкім деді келген сені алып.
Келмесең мені іздеп жатқызбайды,
Күніңді ұясына батқызбайды.
Діліңе жақсы жігіт берік болсаң
Көрудің керек пірлер жатқан жайды.
Аттанды Мылтықбай да сөзге келмей,
Кім қалар бұл жалғанды ертең өлмей.
Бағыты шора-молда, Асық-Ата
Рухқа кете алмайды көңіл бөлмей.
Отауын Иманқұлдың көрмек барып,
Бұл жерге келетін көп ашып-арып.
Момақан мұндағылар ұйқтап жатыр.
Кезінде ат ойнатқан өңшең ғарып.
Мұңдаспан пікір алыпкелсе жөні,
Базарбай жігіт екен таза өңі.
Төріне жай салдырды əйеліне
Көрпенің көз тартады шыққай көгі.
Шырақшы сəнді сөзге ұстамды-ақ,
Шұбыртты кезегімен күшін жинап.
Жарыққа шықпай отыр Молда Əкім
Сол жағы отыр мені деді қинап.
Көремін жақсылықты өз ағандай,
Жыр-дастан көмілумен тұр тағандай.
Демеуші болар жанды таппай қойдық
Отырмыз сөнген шамды біз жағалмай.
Кітəбі Молда Əкімнің шықса дейміз,
Иманқұл өз шəкірті туған егіз.
Тиеді қолға дейді қашан дастан
Үмітпен əулиеге келген əр із.
Базарбай Мылтықбайға бата берді,
Үмітке шомылдырып келген ерді.
Барады жеңіл көлік зымыраумен
Шыбын да құрлы көрмей ұрған желді.
Пісіпті Алмагүддің асқан еті,
Ағасын тойындыру алған беті.
Рулас мықтыбайға болып шықты
Асықпай-саспай аға жеңіз деді.
Тұз тартып Мамасейіт келген еріп,
Болған соң ағайына болды серік.
Болмаған бұл жігіт те бұл отауда
Сорпадан дəм татуға болды ерік.
Сыңғырық стаканның есіттім де,
Келгелі талай сөзді бөсіттім де.
Жақсылық аға деді кешір мені,
Ішпеймін шарабыңды мешітіңде.
Мен үшін осы отан болды құттай,
Кетемін тентек суды бүгін жұтпай.
Рухы Молда Əкімнің көріп отыр,
Болмай-ақ қойсын өңеш ашкөз сұқтай.
Құптады бұл тілекті отырғандар,
Əр тұлға өз қалауын өзі таңдар.
Желініп болғаннан соң бұйырған ас,
Мылтықбай ойға көшті жолды қамдар.
Күтемін деді сізді ертең аға,
Құп алып талантыңа берсем баға.
Кітəптə шығаруға бағыт алдым,
Əйтеуір аман болсын бала-шаға.
Мұхит пен мағжан еріп қолды берді,
Сəбилер жалаңаш ет артан ерді.
Немере жақсылыққа екі жиен,
Мылтықбай жігіт бол деп сүртті терді.
Қарсыгүл сары жеңгей жолды тілеп,
Қайыным бірге соқсын деді жүрек.
Құт кірсін өзіңменен деді үйге,
Ақ жолың ашылғай да қайта түлеп.
Мылтықбай үйден шықты ауа бесін,
Дем алып туған жерде жинап есін.
Шығарып салмақ жолға тапқан аға,
Тек тарту Алматыға кескен шешім.
Мылтықбай жақсылықтың сүйді бетін,
Жарасар жақындасқа мұндай өтім.
Қозғалды көк рафик отын алып,
Тастамақ аз өткен соң елдің шетін.
Қақпа мен көпір қалды қабылдаған,
Жайы жоқ жаурап тісі соқылдаған.
Жол берсе барып қонбақ Шымкентке,
Не жолдар қалып жатты тоқылдаған.
Мылтықбай жол-жөнекей шомды ойға,
Ұқсайды бұл келісі думан тойға.
Нұсқауын Молда Əкімнің атқарған соң,
Білінбей бір жылылық енді бойға.
Шекесі бұрынғыдай тырыспайды,
Бабасы енді жекіп ұрыспайды.
Əлі-ақ алла жазса жүрер жолын,
Рухтар айқын ашып дұрыстайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу