Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  122


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Бұл сөзі баласының қатты батып...

Бұл сөзі баласының қатты батып,
Ойланды Əшəм патша қапа тартып.
Айтқанын баласының жасайын деп,
Той қылды барлық жұртқа хабарлатып.
Патша жұрт шақырды тойды қылып,
Қуанды Əбужаһил көңілі тынып.
Мекеде үлкен-кіші, барша халық
Бұл тойға бəрі келді хабарланып.
Тойына патшаның жұрт жиналды,
Қалдырмай тірі жанға тағам берді.
Мұхамед тойға келмей қапаланып,
Үйінде тойға келмей қапаланып,
Тамақ жеп болды халық, дабыл қағып,
Тұр еді Əшəм патша əр сөз айтып.
Алып кел Мұхамедті, күрессін деп,
Балаңды алып кел деп Əшəм патша,
Тадибке айтты мұны қарсы қарап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу