Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  77


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қазақ наны

Қайда барсам нан көремін піскен нан!
Сыйлығым сол – туған Қазақстан!
Москвадан, Приморье, Сібірден,
Асау теңіз бырқанған тұстардан.
Нан көреін оңымда да, солым да,
Алтын таулар – асыл бидай жолымда!
Нан көремін, теміршінің, шопанның,
Осмонавтың, балықшының қолында!
Ту көремін, тудан қызыл нан көрем,
Нан көреін, наны асыл əн дер ем!
Нан пісірген – Қазақстан оты бұл,
Талай талқы, сан соққыда сөнбеген!
Нан көремін еңбек қуған ер көрем!
Нан көремін – бидай толы жер көрем!
Алғыс, шаттық, өлең болып тарайды,
Республика байтағына көлбеген!
Кел, кел, досым, кең халқпн пен деген,
Дос жүрегін мейіріммен емдеген.
Қазақстан – қызыл тулы бесігім,
Құшағында жүз халықты тербеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу