Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  161


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Үйірме

Модель бар бізде не түрлі,
Шетінен қыран құс кілең.
Самғайыз құстар секілді,
Кең дала, оран үстімен.
Өздері сондай жеп-жеңіл,
Көк төсін еркін құшады.
Ақша бұлт досы бейне бір,
Үйірілееркін ұшады.
Тақтайдан жасап тең қанат,
Сүргілеп, кертіп, жонамыз.
Келеміз өсіп, ертең-ақ,
Космонавт-ұшқыш боламыз!
Арманын жердің арқалап,
Айға да ертең қонамз!
Жұмбағын шешіп береміз.
Бірақ, жер-біздің анамыз,
Оралып қайта келеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу