Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  127


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қызыл гүл

Таны шығып таңдана,
Айналаға қарады.
Жел шаңдатып аулада,
Қоқыс қып барады.
Тұрды Таня ойлана,
Қайда қашар күнестен:
- Өзге барлық алада,
Сондай таза, гүл өскен.
Бірінші бала:
- Күрек алып келейік,
Жер қазып, тер төгейік.
Қызыл гүлдер егейік,
Өсімдікке бөлейік.
Бантик таққан басына,
Света кеп асыға,
Сөйлеп жатыр:
- Мен де бір,
гүл егейін қасына.
Екінші бала:
- Жайнап кетсін бұл ара,
су себейік күнн ара.
Екі бала күректі,
Алып келіп гүл екті.
Жер қопсытып, су тасып,
Əспеттеді жүйекті.
Қып-қызыл гүл қосыла,
Бүршік жарды кеп-кеше.
Болады екен осылай,
Екі бала ептесе!
Күштеріңе сеніңдер,
Гүл егіңдер септесе,
Екеулесіп көрі егіңдер,
Бірдің күші жетпесе!
Үлкендер де сөйлесті:
- Алтын балдар ғой, - десті.
Біз де қарап тұрмайық,
Кірісейік қой, - десті.
Бірі – тырма, күрек ап,
Сыпырғышты біреуі ап,
Папалар мен мамалар,
Ата, əже, балалар,
Аула ішін сыпырды,
Алуан істі бітірді.
Отырғызды көшетті,
Түрлі гүлді қоса екті.
Лука атай көңілді:
- Бəрі-бəрі егілді!
Қайың да бар, терек те,
Аула тұнар желекке!
Шыршалар да өсуде,
Өсіп жатыр қос емен.
- Қандай ғажап! – десуде,
Көрген жандар көшеден.
Алғашқы гүл аққудай,
Бүршік жарды кеп-кеше!
... Болмас еді тап мұндай,
Таня гүлді екпесе!
Ақ қызыл гүл қосылып,
Бүршік жарды кеп-кеше!
Болады екен осылай,
Екі ала ептесе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу