Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  116


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Шекарашы

Назарда жер, нұрлы аспан,
Күнмен, түнмен сырласқан.
Шекарашы қорғап тұр
Сергек қалпын бұзбастан.
Қиындыққа көндіккен
Егіз туған ерлікпен.
Шымыр шекарашыға
Сүйсінеді ел біткен.
Елдің сенген ұланы,
Сабыр, ақыл ұраны.
Бейбітшілік шуағын
Күзетеді қырағы.
Шопан
Он өлшеп, бəрін бір кскен,
Қар кешіп, мұз төсенген.
Маң дала, млмен бірге өске,
Отармен таңда қоса өрген.
Өрге жайған ақ құрттай,
Түлегін тыңға қайырған.
Дауы жоқ – даңқта, дақпыртта,
Сары майдан қлшық айырған.
Қой құрттап, айран ұрттаған,
Күндіз-түн үйді көрмеген.
Өрісте ойын жұтпаған,
Желаяқ аттай желдеген.
Қасқырды қаққан қарулы,
Аюды соғып сорлатқан.
Атан жілік, ура сауырлы,
Бақан білек, сом батпан.
Құлан жал, шоқпар кекілді,
Ат мінген – жалпақ жаясы.
Жайылған қой секілді,
Жанынан қымбат даласы,
Шопандар – Дала баласы!
Сардала-жайлау, сол үшін,
Сыйлайды халық шопанды,
Сүйеді ол туған қонысын,
Сүйеді байтақ Отанды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу