Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  143


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ақ көгершін

Ақ көгершін жөнелді,
Зеңгір көкте жырлайды.
Білесің бе, ол енді,
Не туралы жырлайды:
«Балаларым – көркемім,
Тойласын деп жырлайды.
Болашағын – ертеңін.
Ойласын деп жырлайды.
Тербетілген гүл тегіс,
Солмасын деп жырлайды.
Жер бетінде сұм соғыс,
Болмасын деп жырлайды».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу